Палестина мен Израиль қақтығысы ушыққан уақытта АҚШ президенті аймаққа бармақ

Ол аймақ басшыларымен кездеспек


17/10/2023
11:42 13755 0

Фото: Alex Wong / Getty Images

АҚШ басшысы Джо Байден 18 қазанда Израильге барады. Бұл жөнінде АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен хабарлады. 

 

Джо Байден сарап барысында Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен және мемлекеттің өзге де жетекшілерімен кездеседі деп жоспарлануда. Энтони Блинкеннің сөзінше, Джо Байден қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін не қажет екенін Израиль халқының өз аузынан естігісі келеді. 

 

Бұдан бөлек, Джо Байден Иорданияға барып, Иордан королі мен Мысыр президентімен кездеседі деп күтілуде. АҚШ басшысы олармен Газа секторындағы адамдарға гуманитарлық көмек көрсету мәселесін талқыламақ. 

 

7 қазандағы ХАМАС тобының Израильге жасаған шыбуылынан 1400-ден астам адам қаза тапты. Палестина жағының мәліметінше, Газа секторында 3 мыңнан астам адам көз жұмған.

ХАМАС тобы (кей елдер бұл топты террор ұйым деп таныған) Израиль аумағын зымыранмен атқылап жатыр. Дүйсенбіде АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мен Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху кездескенде әуе дабылы қосылды. Сөйтіп кездесуді бомбадан жасырынатын орында жалғастырған.

Поделиться

Нет комментариев.

17/10/2023 11:42
13755 0

Уведомление